Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

СУДЬЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ «ПРОЦЕСТІК ЕМЕС БАЙЛАНЫСТЫ» ӨНЕГЕЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды April 2026
Каспийский университет технологии и инжиниринга имени Ш. Есеновам.
Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасындағы судьялардың «процестік емес байланыстарын» өнегелік және құқықтық тұрғыдан реттеу мәселелерін талдауға арналған. Судьялар әдебіне және процестік заңнамаға өзгерістер енгізулердің қажеттілігі айқындалып, негізделген. Жүзеге асырылған зерттеудің негізінде олардың соттан тыс қызметін өнегелік-құқықтық реттеуге бақылауды күшейту мақсатында судьяның процестік болып табылмайтын қызметінің сипатын өзгерту ұсынылады. Судьялардың кәсіби қызметінің өрісінде, сондай-ақ өзге де қызметтерінде «процестік емес байланыстар» институтын түсінуге қатысты бірқатар өзекті сұрақтардың туындауы берілген мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген қажеттілікті туындатып отыр.

          Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Қазақстан Рсепубликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңында, Судья әдебі кодексінде бекітілген ережелерді талдауды мақаланың басты мақсаты ретінде айқындай отырып, автор «процестік емес байланыстар» ұғымын терең талдауды негізгі міндет ретінде қарастырады.

          «Процестік емес байланыстар» институының ұйымдық-құқықтық мәнін, оның қолданыстағы заңнамадағы орнын айқындау және аталған қызметтің өнегелік-құқықтық реттелуінің олқы тұстарын ашып, оларды жетілдіру міндеттері қойылып отыр. 

Pdf