Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

Жол-көлік саласындағы қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық және құқықтық негіздері

Жарияланды December 2025
КазНПУ имени Абая
Аннотация

Мақалада жол-көлік саласындағы қылмыстылықтың криминологиялық және құқықтық негіздері кешенді түрде талданады. Зерттеу барысында жол-көлік қылмыстарының қазіргі жағдайы, олардың себептік факторлары мен даму үрдістері айқындалады. Автор жол-көлік оқиғаларына байланысты қылмыстардың құрылымдық және динамикалық сипаттамаларын қарастырып, оларды алдын алу тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелерін көрсетеді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы қылмыстылықтың алдын алу шараларын тиімді іске асырудың бағыттары ұсынылады.

Мақалада алдымен жол-көлік қылмыстарының ұғымы мен түрлері, олардың криминологиялық сипаттамалары талданады. Автор жол-көлік саласындағы құқық бұзушылықтардың негізгі себептерін жүргізушілердің құқықтық сауаттылығының төмендігі, көлік мәдениетінің қалыптаспауын, жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігін және бақылау тетіктерінің әлсіздігін атап өтеді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзу, көлікті мас күйінде басқару, жолдан қашып кету сияқты әрекеттердің қоғамға қауіптілігі мен олардың әлеуметтік салдары көрсетіледі.

Криминологиялық тұрғыдан алдын алу шаралары жеке (жүргізуші тұлғасына бағытталған) және жалпы (қоғамдық деңгейдегі) бағытта қарастырылады. Ал құқықтық тұрғыдан жол-көлік саласын реттейтін ұлттық заңнама мен халықаралық нормаларға талдау жасалып, олардың тиімділігін арттыру жолдары ұсынылады. Мақалада құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының маңызы ерекше атап өтіледі.

Қорытындысында автор жол-көлік саласындағы қылмыстылықтың алдын алу үшін кешенді тәсіл қажет екенін, оның ішінде құқықтық тәрбие, бақылау жүйесін жетілдіру және заңнаманы қатаңдату сияқты бағыттар маңызды рөл атқаратынын айқындайды.

PDF