Қоғам дамуының қазіргі кезеңі барлық өмірлік қызмет салаларын, соның ішінде еңбек қатынастарын да қамтитын жедел цифрландыру үдерісімен сипатталады. Цифрлық экономика жағдайында қашықтықтан жұмыс істеу, гибридті жұмыспен қамту, фриланс, платформалық жұмыс және «гиг-экономиканың» өзге де нысандары тәрізді жаңа жұмыспен қамту түрлері қалыптасуда. Аталған үдерістер бір жағынан жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, еңбек нарығының икемділігі мен қолжетімділігін арттырса, екінші жағынан еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға қатысты бірқатар күрделі мәселелерді туындатады. Цифрлық платформа жұмыскерлерінің құықтық мәртебесінің айқын болмауы, әлеуметтік кепілдіктерге шектеулі қолжетімділік, еңбекті алгоритімдік басқару кезінде кемсітушілік қаупі мен дербес деректердің құпиялылығына төнетін қауіп-қатерлер құқықтық реттеу үшін жаңа сын-тегеуріндер қалыптастырады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жаңа цифрлық шындықтарға бейімдеу қажеттігін көрсетеді. Атап айтқанда, цифрлық платформалар жұмыскерлерінің мәртебесін нормативтік тұрғыда бекіту, электрондық еңбек шарттары институтын дамыту, алгоритмдік бақылаудың айқындығына құқықтық кепілдіктер енгізу, сондай-ақ жұмыспен қамтылу нысанына қарамастан әлеуметтік қорғауды кеңейту талап етіледі.
Қорытындылар құқықтық реттеу әділеттілік және технологиялық бейтараптық қағидаттардың икемділігіне негізделуі тиіс екенін айқындайды. Сонымен қатар цифрлық құқықтануды дамыту, еңбек дауларын шешудің электрондық сервистерін енгізу және халықаралық стандарттарды интеграциялау цифрлық дәуірдегі жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудың негізгі құралы бола алады.
