Мақалада адвокаттың қылмыстық және азаматтық процеске қатысуының тиімділігіне әсер етуі мүмкін мәселелер айтылады. Азаматтардың сапалы және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру мақсатын көздейтін құқық қорғау органы ретіндегі адвокатура рөлінің маңыздылығы сөз болады.
Сонымен бірге, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокаттық қызметтің теориялық аспектілері мен айырмашылықтары, сондай-ақ оны іс жүзінде жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің әртүрлі түрлеріндегі адвокаттың іс жүргізу айырмашылығын зерттеу және түсінуге назар аударылады.
Адвокаттың қылмыстық және азаматтық процестерге қатысуының негізгі белгілерін, сипаттамаларын, ерекшеліктерін анықтау арқылы сот ісін жүргізудің әртүрлі түрлерінде адвокаттың іс жүргізу жағдайының арақатынасын теориялық салыстыру және белгілеудің практикадағы арақатынасы да мақалада тілге тиек етіледі.
