Бұл мақалада бәсекелестік құқықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтағы үстем жағдайы туралы қарастырылған, сонымен қатар үстем жағдайдың түрлері, белгілері, үстем жағдайға ие болу шарттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары (өкілеттіктері) туралы талданған. Өйткені, бұл мәселе жаһандану кезеңінде құқықтық жағынан да, экономикалық жағынан да өзекті мәселеге айналды. Тақырып аясында үстем жағдайға ие болу мен оның тәртібі, еліміздегі үстем жағдайға ие болған шаруашылық субъектілері туралы статистикалық деректер қарастырылып, құқықтық жағдайына шолу жасалған.
Мақалада салыстырмалы талдау әдістері, әр-түрлі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау үшін жүйелік тәсілдер қарастырылды.
Зерттеу нарықта үстем жағдайды ұстап тұру арқылы бәсекелестікті дамыту, ал оның мемлекеттің экономикалық жағдайын ұстап тұруы үшін аса маңызды екенін көрсетеді.
