Мақалада кәзіргі кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтің маңызы мен мәні айтылады. Әлеуметтік-дағдарыс жағдайында кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу өзекті және сұранысқа ие. Ол кәсіпкерлік қызмет жайлы ғылыми ізденістер мен тұжырымды әзірлемелердің перспективасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Мақалада авторлар кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілерінің әлеуметтік дағдарыс жағдайында өзіндік ерекшеліктері мен даму сипаттамаларының маңыздылығына, рөліне тоқталады.
Осыған байланысты еліміздің кәсіпкерлік қызметінің түсіндірмелері назар аударуға тұрарлық, ол азаматтың кәсіпкерлік тәуекелі осы қызметті жүзеге асыруды жалғастыру мүмкін болмайтын оқиғалардың пайда болу ықтималдығында екені де атап өтіледі. Кәсіпкерлік тәуекелдің кез-келген қызметпен қатар жүретіндігі туралы доктринада айтылған ұстаныммен ішінара келісе отырып, бұл кәсіпкерлік қызметтің қажетті сипаттамасы деп айтуға болады.
Сонымен бірге мақалада экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға байланысты кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманың заңдылықтары, ерекшеліктері мен талаптары айтылады. Соның ішінде мақалада кәсіпкерлік құқықтың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың даму перспективалары туралы негізделген кешенді теориялық көзқарастан тұратын жекелеген аспектілерін ашатыны назар аудартады.
