Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ АЛЫНҒАН БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДӘЛЕЛДЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

Жарияланды December 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Құқықтық саланы цифрландыру дәуірінде қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылатын дәлелдемелердің мазмұны мен іс жүргізу маңыздылығына әсер еткен елеулі өзгерістері объективті түрде орын алды. Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді жинаудың, бекітудың және пайдаланудың дәстүрлі әдістері өзекті болып қала бергенімен, жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған бейнематериалдар түріндегі дәлелдемелерді пайдалану ережелерін нақтылау қажет. Жасырын жолмен алынған бейнематериалдарды қылмыстық іс материалдарына енгізу тәртібін реттеу жеткіліксіз. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде бейнежазба тергеу әрекеттері хаттамаларына қосымша ретінде тіркеледі, оны жасырын тергеу әрекеттеріне қолдануға жол берілмейді.

Қолданылған зерттеу әдістері: құқықтық нормалардың салыстырмалы құқықтық, логикалық-құқықтық, аналитикалық, доктриналдық және лексикалық түсіндірмесі, құқықтық мәселенің бірлігі мен оның процессуалдық нысаны контекстіндегі жеке іздену әдістері.

Пайдаланылған материалдар: Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген қылмыстық процестік құқық саласындағы жеке басылымдар, жалпы және арнайы құқықтық әдебиеттер, нормативтік құқықтық актілер, қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, зерттелетін мәселелер шеңбері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары.

Зерттеудің негізгі нәтижелері: жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған фактілер туралы бейнематериалдар тәуелсіз ақпарат көздері ретінде танылу қажеттілігі.

pdf