Қазақстанда алғаш рет мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (02.02.2022). Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа, жалпы қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы басымдықтар ел дамуының он жылдық кезеңдерін қамтитын ҚР құқықтық саясаты тұжырымдамасының нысанасы болған. Осы
бӛлімдегі заманауи сараланған тәсіл анағұрлым ӛнімді болып кӛрінеді, бұл елдің саяси және құқықтық қызметінің әртүрлі бағыттарының объектілері мен әдістерінің араласуын болдырмайды. Мәселен, 2021 жылғы 15 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының соңғы тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша қандай да бір нақты рецептуралар жоқ. Оның шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдардың "кӛлеңкелі" экономикаға қарсы күресті күшейтуге, құқық бұзушылықтардың кез келген кӛріністеріне "нӛлдік тӛзімділікті" таратуға жалпы "топтасуы" кӛзделеді.
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тікелей қатысы бар барлық нәрсе дербес құжат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында шоғырланған. Аталған актіде қазақстандық қоғамның ӛмірі мен қызметінің әртүрлі салаларына, оның ішінде жоғары білімді,
цифрлық технологияларды енгізу жағдайында жаңа нысандарға ие болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кӛп кӛңіл бӛлінетіні маңызды.
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ 2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланды March 2022
Аннотация
Тілі
Русский
Как цитировать
