Зерттеу Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың маңызды факторы ретінде цифрландыруды дамыту процесіне шолу болып табылады. Бұл зерттеудің гипотезалары экономикалық дамудың цифрлық трансформациясының әлемдік тәжірибесін және қазіргі мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығын талдауға негізделген. Зерттеу барысында ауыл шаруашылығы, әсіресе ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді аса қажет ететін экономика саласы екені анықталды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен ұлттық жобаларын талдау ауыл шаруашылығындағы қазақстандық экономиканы цифрландырудың басымдығы туралы қорытынды жасауға негіз болып табылады.Агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық шешімдердің тиімділігінің мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру деңгейіне тәуелділігі цифрландыру ресурстары мониторинг мүмкіндіктерін пайдаланудың арқасында неғұрлым мақсатты және нәтижеге бағдарланған мемлекеттік саясатқа ықпал ететіндігімен негізделгенү. Цифрландыру ауыл шаруашылығындағы қарқынды дамып келе жатқан тенденцияны білдіреді, мұнда ол дәстүрлі түрде тәжірибеде қолданылатын аналогтық технологияларды алмастырып қана қоймайды, сонымен қатар қарастырылып отырған саладағы мәселелерді тиімді шешу үшін әзірлемелердің жаңа нұсқаларын дайындайды. Зерттеу ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді интернетке қолжетімділіктің қарапайым деңгейімен қамтамасыз ету мәселелерінен бастап цифрландыруды басқару саласындағы мемлекеттік менеджмент деңгейін арттыруға дейінгі үдерңстердің барлық деңгейлеріндегі мәселелерді ескере отырып, осы саладағы цифрландыруды дамытуды талдауды қамтиды.
Цифрландыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың маңызды факторы ретінде
Жарияланды September 2024
Аннотация
