Мақалада қазіргі кезеңдегі конституциялық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері қаралады. 2022 жылғы конституциялық реформалардың қорытындылары талданған.
Зерттеуде президенттік өкілеттіктердің саяси партияға мүшелікпен үйлесімділігіне шектеу енгізудің орындылығы туралы қорытынды жасалады: мемлекет басшысының қызметі бір партияны қолдаудан қоғамның бүкіл саяси жүйесін қолдауға қайта бағдарланады, қоғамдық-саяси процестерді ынталандырады, көппартиялылық пен азаматтардың саяси мәдениетін дамытуға ықпал ететін болады.
Авторлар американдық үлгідегі президенттік республикаға көшу жөнінде шаралар қабылдау қажет деп санайды. Парламент палаталарын, Конституциялық Сотты қалыптастыру тәртібін өзгерту, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде ұсынымдар әзірленген. Сонымен қатар, Президенттің кейбір ұйымдық-кадрлық өкілеттіктерінен бас тартып, оларды Үкіметке беру туралы мәселе өзектендірілді.
Азаматтық қоғамды дамыту, Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіру, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
