Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

АЗАМАТТЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАТЫНАСТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ (АЗАМАТТЫҚТЫ АЛУ, АЗАМАТТЫҚТАН ШЫҒУ)

Жарияланды September 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Мақалада жеке тұлғаның бір мемлекеттің азаматтығынан шығып, екінші мемлекеттің азаматтығын алуға деген субъективті құқығының құбылысы зерттеледі. Қазіргі мемлекеттердің геосаяси жағдайы мен саяси жүйелерінің өзгеруін ескере отырып, азаматтық институтты дамытудың жалпы тұжырымдамасында азаматтықтан шығу және азаматтық алу мәселелері жаңартылуда. Ғылыми әдістерге негізделген зерттеу халықаралық және ұлттық құқық деңгейінде адам құқықтарын қорғау тұжырымдамасын ұсынады, азаматтықтың мазмұнына ықпал етудің күшею тенденциясына және халықаралық құқық нормаларының адам құқықтарын қорғауға бағытталып отыр. Азаматтық институтының дамуындағы халықаралық және отандық тәжірибені құқықтық реттеудің тарихи ретроспективасына талдау жүргізіліп, азаматтық қатынастардың негізгі анықтамаларының концептуализациясы негізделді. Ғылыми әдебиеттерге және барлық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге шолу азаматтық алу және азаматтықтан шығу мәселелерінің даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

pdf (Русский)