Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Жарияланды September 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Янка Купала атындағы Гродно Мемлекеттік университеті
Аннотация

Зерттеу тақырыбының өзектілігі және шешілмеген мәселені бөліп көрсету мақсатында, жоғарыда аталған шарттардың сақталуы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында жоғары оқу орнының мақсаттарын да, қызметкерлердің мақсаттарын да іске асыру үшін қажетті еңбек тиімділігінің деңгейін қалыптастыра алатындай еңбекақы төлеу жүйесін әзірлеу қажеттілігін негіздейді. Шет елдерде жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбек белсенділігін ынталандырудың өте кең тәжірибесі жинақталған, сондықтан кейбір мемлекеттердің еңбегін ынталандыру мәселелерінде оң тәжірибені экстраполяциялау мүмкіндігі мақсатында оны зерттеу мен талдау орынды болып көрінеді. Мақала Қазақстан, Беларусь және шет елдердің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының еңбекке ақы төлеу және еңбекті ынталандыру жүйелерін салыстырмалы талдауға арналған. Атап айтқанда, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Жапония сияқты елдердің ЖОО оқытушыларының еңбегіне ақы төлеу мен ынталандырудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды.

pdf (English)