Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ: МАТЕРИЯ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ

Жарияланды June 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Материя мен нысанның бірлігі проблемалары философия ғылымы аясында төртінші ғасырдың ортасында Аристотель еңбектерінде өзекті болды. Өзінің дамуына қарай Аристотель теориясы заманауи мазмұнға ие болды және философия мен физикада ғана емес, гуманитарлық ғылымдарды қоса алғанда, ғылыми ізденістердің шектеусіз тізбесі саласында да қолданыла бастады.

Құқықтық ғылымдағы материя мен нысан бірлігі мәселелерін зерттеу процестік салаларды өзінің бастапқы көзінен ажырату нәтижесінде өзінің теориялық-құқықтық маңыздылығына ие болды. Осы мақаланың контекстінде материя мен нысанның бірлігі құрылымындағы қайшылықтардың белгілері Қазақстан Республикасы қылмыстық, қылмыстық процесс және қылмыстық-атқару құқығы салаларының бірлігінде ерекше көрініс табады.

Материя мен нысанның бірлігін сақтау идеясы құқық әдіснамасында шешуші болып табылады. Алайда, құқықтың материалдық және формальды салаларының қазіргі заманғы тұрақты дербес дамуы тиісті салалардың бірлігі белгілерінің бір-бірінен неғұрлым алшақ болуына алып келеді. Мұндай алшақтық нәтижесінде бұрын тек материяға немесе тек нысанға ғана тән жекелеген белгілерді әмбебаптандырудың заңсыз әрекеттеріне байланысты проблемалар пайда болады. Мұндай әрекеттердің қорытындысы бастапқыда құқықтың материалдық немесе процессуалдық салаларының сұраныстарына қызмет көрсеткен ұғымдық-терминологиялық аппараттардағы, санаттар мен институттардағы араласу болып табылады. Мұндай құбылыстар салалық құқық жүйелерінің құрылымдалуына әкеп соғады.

pdf (Русский)