Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ТАЛДАМАЛЫҚ ШОЛУ

Жарияланды June 2024
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Мақалада Web of Science, Scopus деректер базасында және Google Scholar порталында индекстелетін басылымдарда жарияланған ғылыми зерттеулер нәтижелеріне шолу берілген. Бұл зерттеулер әлемнің түрлі елдерінде әлеуметтік және құқықтық саясаттың негізгі даму үрдістерін көрсетеді. Ғылыми жұмыстарды шолу зерттеулердің бағыттылығы мен тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, проблемалық-тақырыптық қағидат бойынша да, аумақтық белгілері бойынша да ұйымдастырылған. Құмар ойындарға тәуелділіктің қоғамдардың тыныс-тіршілігіне әсерін зерттеудің серпінді және үздіксіз дамып келе жатқан сипатын ескере отырып, авторлар қорытудың толық сипатына үміттенбейді. Ұсынылып отырған шолудың негізгі міндеті - осы проблеманы зерттеудің негізгі бағыттары мен тұжырымдамалық негіздерін анықтау, сондай-ақ Қазақстан үшін осындай зерттеулердің қажеттілігі мен маңыздылығын негіздеу.

pdf (Русский)