Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Юриспруденция сериясы

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ШАРТЫН БҰЗУ ТУРАЛЫ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТТА ҚАРАУ

Жарияланды June 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Мақалада жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған немесе негізгі жұмысынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органының мүшесін тәртіптік жауаптылыққа тартқан кезде кәсіптік одақ органының уәжді пікірінің болмауы жұмысқа қайта алу туралы талапты қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылады. Жұмыскердің заңсыз негізде немесе заңда көзделген тәртіпті бұза отырып жұмыстан босатылғанын анықтай отырып, сот өз шешімімен оны бұрынғы жұмысында қалпына келтіреді және жауапкерден мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақысын немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындаған барлық уақыты үшін жалақысының айырмасын талапкердің пайдасына өндіріп алады. Бұл мақалада жұмыскердің кінәлі әрекеттеріне байланысты жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу туралы жеке еңбек дауларын сотта қарау қарастырылады.

pdf